Гарвардта оқыған қазақ қызы АҚШ-тағы алғашқы жұмыс күнінен алған әсерімен бөлісті (ВИДЕО)

Гарвардта оқыған қазақ қызы АҚШ-тағы алғашқы жұмыс күнінен алған әсерімен бөлісті (ВИДЕО)
05.09.2025 16:51
0
148
Скриншот видеодан алынды

Гарвард университетінің түлегі Әсел Амангелді өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында АҚШ-тағы алғашқы жұмыс күнінен кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 
Ол білім беру жүйесін дамытуға, нақтырақ айтқанда мектептерді жетілдіруге бағытталған компанияда еңбек етеді. Ұйымның негізін қалаушы әрі директоры – Гарвард бизнес мектебінің профессоры.
Әселдің айтуынша, жұмыс басталмай тұрып, өзіне білім берген профессоры оны әріптестеріне таныстырып, қолдау білдірген.


«Менің биылғы басты мақсатым – осы жерде барынша көп білім мен тәжірибе жинау», – деді ол.

Желі қолданушылары Әселді қолдап, пікір қалдырды. Олар өз балаларына да осындай болашақ тілейтінін жазып, жылы лебіздерін білдірді:


«Қызымның да өмірі осындай болса екен», «Сіз өте мықтысыз!», «Сіз үшін қуаныштымын».

@asselya.a

Я будто во сне, не могу поверить, что это моя жизнь 🥺 В такие моменты всегда вспоминаю где я начинала, какой я была 10 лет назад. Аллаға шүкір🙏🏻

♬ Inspiring Motivation for a Cinematic Background - AurbanniAudio
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий