Қазақстанның Азаматтық Альянсы мен Заңнама және құқықтық ақпарат институты Меморандумға қол қойды

Қазақстанның Азаматтық Альянсы мен Заңнама және құқықтық ақпарат институты Меморандумға қол қойды
26.06.2025 13:50
0
82
Қазақстанның Азаматтық Альянсының баспасөз қызметі

«Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, президенті Нұрғазиева Бану Ғаниқызының атынан және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты», директоры Аубакирова Индира Ураловнаның атынан, өзара ынтымақтастық пен әрекеттестік туралы Меморандумға қол қойды.

Бұл Меморандумның мақсаты – елдегі құқықтық сауаттылықты арттыру, заңнаманы ашық талқылау және азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік органдар арасындағы серіктестікті дамыту.

Құжат шеңберінде Тараптар заңнама жобаларын талқылау мен оны іске асыру үдерісіне үкіметтік емес сектордың қатысуын кеңейту, сондай-ақ халықтың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін арттыру бағытында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Азаматтарды құқық шығармашылығы процесіне тартуға бағытталған диалог алаңдарын, сараптамалық кездесулерді, дөңгелек үстелдер мен өзге де іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Құқықтық ағарту науқандарын өткізуге, аналитикалық және әдістемелік материалдарды әзірлеуге, сондай-ақ құқықтық реттеудің өзекті мәселелерін зерттеуге бағытталған ғылыми жобаларға ерекше мән бөлінеді.

Кездесу қорытындысы бойынша алдағы кезеңге нақты жоспарлар құрылды. Атап айтқанда, азаматтық қоғам институттарының заң шығару процесіне тұрақты қатысу тетіктерін әзірлеу, құқықтық реформалардың ашықтығын қамтамасыз ету және халық пен мемлекеттік органдар арасындағы кері байланысты нығайту қарастырылуда.

Қазақстанның Азаматтық Альянсы бұл ынтымақтастық азаматтардың құқық шығармашылығы саласына белсенді араласуына, заң шығару процесінің ашықтығына және мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдіреді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий