Қазақстанның көптеген өңірінде дауылды ескерту жарияланды
333
«Қазгидромет» РМК 14 қазанда Қазақстанның бірқатар облысында ауа райының қолайсыз болатынын ескертті. Кей жерлерде қатты жел, жаңбыр, тұман, үсік және өрт қаупі күтіледі, деп жазады POLITICO.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Қатты жел және шаңды дауыл
- Түркістан облысы: Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан соғатын желдің күші солтүстік, батыс, орталық және таулы аудандарда 15-20 м/с жетуі мүмкін.
- Шымкент қаласы: Күндіз шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.
- Жамбыл облысы: Таңертең және күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.
- Атырау облысы: Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
- Маңғыстау облысы: Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
- Қызылорда облысы: Күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.
- Жетісу облысы: Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін күшейеді.
- Ақтөбе облысы: Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с болады.
- Ақмола облысы: Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
- Солтүстік Қазақстан облысы: Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.
Жауын-шашын, тұман және үсік
- Батыс Қазақстан облысы: Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында қатты жаңбыр күтіледі.
- Атырау облысы: Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай ойнайды.
- Жамбыл облысы: Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Түнде таулы аймақтарда 1 градус үсік болуы мүмкін.
- Жетісу облысы: Түнде облыстың орталығында 3 градус үсік күтіледі.
- Ақмола облысы: Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады.
- Солтүстік Қазақстан облысы: Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.
- Қарағанды облысы: Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.
- Абай облысы: Түнде және таңертең облыстың батысы мен орталығында тұман күтіледі.
Өрт қаупі
- Төтенше өрт қаупі: Түркістан, Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының кейбір аудандарында және Шымкент қаласында сақталады.
- Жоғары өрт қаупі: Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Ұлытау, Қостанай және Абай облыстарының бірқатар аудандарында сақталады.
Соңғы жаңалықтар
18.04.2026
17:30
Қарағандыда көз жұмған бала: Денсаулық сақтау м...
18.04.2026
16:45
«Valentino туфлиі бар, аппарат жоқ»: Қарағандыд...
18.04.2026
16:19
Алматыда Әл-Фарабида жарыс ұйымдастырғандар қол...
18.04.2026
15:17
Маңғыстауда “директордың баласы” басқа балалард...
18.04.2026
14:15
Елде алаяқтықпен күреске бағытталған жаңа құрыл...
18.04.2026
13:00
Атырау полициясының бұрынғы басшысы тергеу изол...