Қазақстанның танымал сәулетшісі өмірден озды

14.06.2026 11:03 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Қазақстанның танымал сәулетшісі өмірден озды
245
Фото: vlast.kz

Алматыдағы Тәуелсіздік алаңы мен Халық қаһарманы орденінің авторы, белгілі сәулетші Алмас Ордабаев 89 жасына қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл қаралы хабарды марқұмның қызы, Чехияның саяси қайраткері Жәмилә Стехликова әлеуметтік желіде мәлімдеді.

"Бүгін әкем Алмас Ордабаев өмірден озды. Ол мен үшін қалай өмір сүріп, қалай дүниеден өту керектігінің үлгісі болып қалды. Алдыңғы күні әйелі Ольгаға қоштасатынын айтып, өзінің соңғы картиналарына қол қойды. Кеше менімен қоштасты. Бүгін Прагадағы немерелерімен қашықтықтан қоштасып, қолын бұлғады. Жымиып, бізді жақсы көретінін айтты. Жарты сағаттан соң оның демі үзілді", – деп жазды ол.

Сәулетші 1938 жылдың сәуір айында Ресейдің Новосибирск қаласында дүниеге келген. Дегенмен сол жылдың мамыр айынан бастап Алматы қаласында тұрған.

Ол Ленинградтағы инженерлік құрылыс институтында және Қазақ политехникалық институтында жоғары білім алған. 2007 жылы Қазақстан сәулетінің тарихы тақырыбында диссертация қорғап, философия докторы атанды.

Алмас Ордабаев Каспий университетінің сәулет және дизайн кафедрасының профессоры болды. Ол Қазақстанның ең жоғары мемлекеттік марапаты саналатын Халық қаһарманы белгісінің дизайнын жасаған.

Сонымен қатар Ұлттық ұланның әскери киім үлгісін әзірлеуге қатысты. Ғалым төрт ірі монография жазып, сексеннен астам ғылыми мақала жариялады.

Қазақстан өнер академиясының құрметті академигі Алматыдағы Тәуелсіздік алаңы мен Ғалымдар үйін жобалауға атсалысты. Бұдан бөлек, еліміздегі көптеген тұрғын үй кешендері мен мұражайлардың және этнографиялық қалашықтардың авторы ретінде тарихта қалды.

Войдите, чтобы оставить комментарий