"Қобалжып тұрмын": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі сүйінші сұрады

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы, актриса әрі продюсер Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті.
Өнер иесі өз оқырмандарына сүйінші сұрап, алғашқы толықметражды фильмін түсіріп болғанын хабарлады.
«Достар, мен кино түсірдім! Өмірімнің өтпелі кезіндегі көп шешімдерімнің бірі — осы туынды. Өтпелі кезеңдегі сезімдерімді көрсеттім. Кинодағы алғашқы дебютім. Қобалжып тұрмын! Қолдауларыңызды күтем! Бұл фильмде мен бірнеше арманымды орындадым. Соның бірі — қазақтың ауылдағы қарапайым өмірін емес, эстетикаға толы, заманауи тіршілікті, сұлу Астанамызды көрсету. Шын ғой, қазір көбі әдемі үйлерде өмір сүреді, талғаммен өмір сүреді. Қашанғы Түрік сериалдарындағы Босфорға, не Корей киноларындағы қалаларға қызыға береміз?! Бұл кино тек менің өмірім емес, бәріміздің өміріміз туралы. Достық, отбасы, ауызбіршілік сияқты құндылықтарды көрсеткім келді. 20 қарашадан соң “Арамызда ештеңе қалмайды”. Бәрі бәрін біледі!» — деп жазды ол.
Мөлдір Мұқанованың бұл жазбасы желіде кеңінен таралып, оқырмандар оның батыл шешімін қолдап, жылы лебіздерін білдіруде. Көпшілік оның қазақ кинематографиясына жаңа тыныс әкелетініне сенім білдіріп, алғашқы режиссерлік жұмысын асыға күтетінін жазды.
Соңғы жаңалықтар





