Қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағаттайтын әйелдер бар - Тоқаев

Қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағаттайтын әйелдер бар - Тоқаев
08.09.2025 17:28
0
250
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар арасында қоғамдық орындарда жанжал шығару қалыпты құбылысқа айналып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 


«Ашығын айтуымыз керек, бүгінде адамдардың бір-бірімен ерегісіп, дөрекі сөйлеп, тіпті жаға жыртысуы жиілеп кетті. Мұндай көріністерді қоғамдық орындарда да, жол үстінде де жиі байқаймыз. Өкінішке қарай, айқай-шу шығарып, балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзатындардың арасында әйелдер де бар. Бұл – мәдениетті, өркениетті қоғамға мүлде жат әрекет, елдің халықаралық беделіне де нұқсан келтіреді», – деді Президент.

Сонымен қатар, Тоқаев әрбір азамат мәдениет пен әдепті өзінен бастап, әр отбасы тәрбие мен тәлімге ерекше мән беруі қажет екенін атап өтті.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий