«Қолынан ұстауға болмайды»: Ауғанстандағы жер сілкінісі кезінде әйелдер құтқарылмаған

The New York Times газетінде Ауғанстандағы сілкінісіндегі құтқарушылардың алдымен ерлер мен балаларды құтқарып, әйелдерді үйіндіде қалдырып кеткені айтылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Талибан енгізген тыйымдар себеп болған – оларға бөтен әйелге қол тигізуге рұқсат жоқ», - дейді әлемдік басылым.
Нәтижесінде жүздеген әйел көз жұмды, ал тірі қалғандары қырық сағаттан кейін ғана медициналық көмекке қол жеткізген.
Кунар провинциясындағы куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем қызметі ер адамдар мен балаларды тасып әкетсе, қыздар мен әйелдер еш жәрдемсіз бұрышта қалған. Құтқарушылар оларды оларды мүлде байқамағандай әрекет еткен.
Ресми деректерге сәйкес, апаттан 2 200- ден астам адам қаза тауып, шамамен 4 мың адам жарақат алған. Жергілікті билік шатыр жетіспеуіне байланысты зардап шеккендерді орналастыруда қиындыққа тап болып отыр.
Соңғы жаңалықтар





