Қорғаныс министрі жаңа қызметке тағайындалды

24.12.2024 20:25 Берік Арманов Берік Арманов
Қорғаныс министрі жаңа қызметке тағайындалды
0
324
gov.kz

Қазақстанның қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстанның спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сайлау Астанадағы Спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының кезектен тыс отырысында өтті.

Руслан Жақсылықовтың кандидатурасына федерацияның барлық мүшелері бірауыздан дауыс берді. Ол бұл қызметке Айдос Ақжановтың орнына келді.

Қоғамдық бірлестіктің жаңа басшысы Руслан Жақсылықов – дзюдодан КСРО спорт шебері, бірнеше дүркін чемпион, самбо мен дзюдодан республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері.

Федерация мүшелеріне нәтижелі жұмысы мен маған көрсеткен сенімі үшін алғысымды білдіремін. Спорттық және жауынгерлік самбо әскери және құқық қорғау қызметінде жеке құрамды даярлау жүйесінде сәтті қолданылады. Біз спорттың бұл түрін, оның ішінде әскери-қолданбалы спорт ретінде кең көлемде дамытуға үлкен күш саламыз, – деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий