«Қоспаймын»: Антикордың байланыс орталығы масқара болды

«Қоспаймын»: Антикордың байланыс орталығы масқара болды
10.09.2025 09:57
0
269
Фото: Freepik

Әлеуметтік желіде ер адамның Антикордың 1424 бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алмай жатқаны түсірілген видео тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Видео авторының айтуынша, Call-орталықтың операторы онымен сөйлесуден бас тартып, тұтқаны бірнеше рет тастай салған және күту режиміне қойған. Ер адам бірінші қоңырауында орталықтың меңгерушісімен байланыстыруды сұраған, алайда оператор «қоспаймын» деп жауап беріп, байланысты үзген.

Кейінірек ер адам басқа нөмірден қайта хабарласқанда, оператор оның даусын естіген бойда тұтқаны қайта тастап жібергені видеода көрсетілген.

Бұл жағдай желі қолданушыларының ашуын тудырды. Пікір жазушылар мемлекеттік органдарға хабарласудың қиын екенін айтып, қызмет көрсету сапасын сынға алды.
«Бұл барлық мемлекеттік органдардың жұмысы, ешқайда хабарласа алмайсың», «Антикорға қарсы антикор құру керек», «Дым пайдасы жоқ, құрту керек» деген сияқты пікірлер жазылды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий