Қостанайда ер адам әйелдерге пышақпен шабуылдады: біреуі қаза тапты
646
Қостанайда адам өлтіру және оған оқталу фактісі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Алау ТВ-ға сілтеме жасап.
Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті мен жәбірленушілер бұрыннан таныс болған. 9 наурыз күні олар бірге алкоголь тұтынған. Сол кезде ер адам екі әйелге пышақ жарақатын салған. 44 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды, ал 52 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 53 жастағы күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жалғастыруда.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...