Қостанайда әйелі мен ұлын өлтірген ер адам сотта не деді?

18.02.2026 14:51 Мөлдір Талғат
Қостанайда әйелі мен ұлын өлтірген ер адам сотта не деді?
174
Фото: ng.kz\ Диас Сулеймен

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 29 қыркүйекте Аманқарағай ауылында болған қос кісі өлтіру ісі бойынша жарыссөз өтті. Айыпталушы – Максим Нечаев. Ол әйелі Светлана мен 16 жастағы ұлы Даниилді пышақтап өлтірді деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Politico.kz.

останай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 29 қыркүйекте Аманқарағай ауылында болған қос кісі өлтіру ісі бойынша жарыссөз өтті. Айыпталушы – Максим Нечаев. Ол әйелі Светлана мен 16 жастағы ұлы Даниилді пышақтап өлтірді деп айыпталып отыр

Мемлекеттік айыптаушы Марат Бейсімбаев бұл оқиғаны «қызғаныштан жасалған кісі өлтіру» деп атады. Оның айтуынша, Нечаевқа Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1 және 14-тармақтары бойынша айып тағылған – «екі немесе одан да көп адамды, оның ішінде кәмелетке толмағанды қасақана өлтіру».

Аталған бап бойынша жаза 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді. Прокурор соттан Нечаевқа өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Айыпталушының адвокаты Валерий Ли Нечаевтың әрекеті алдын ала жоспарланған қылмыс емес екенін алға тартты. Оның сөзінше, сотталушы ұзақ уақыт бойы «тұрмыстық және эмоциялық оқшаулану жағдайында» өмір сүрген.

Адвокаттың айтуынша, жұбайының ашық түрде басқа ер адаммен қарым-қатынаста болуы, отбасындағы салқындық және ажырасу мәселесі Нечаевтың психоэмоциялық күйзелісін күшейткен.

«Бұл жағдай оның ұзақ уақыт бойы эмоциялық қысым мен күйзелісте жүруіне себеп болды. Қайғылы түні ол саналы шешім қабылдауға уақыт таппаған», – деді қорғаушы.

Нечаев сотта кінәсін мойындап, өкініш білдірді:

«Жауапкершіліктен қашпаймын. Қатты өкінемін, мұнымен өмірімнің соңына дейін өмір сүремін».

Сот үкімі 20 ақпанда жарияланатыны белгілі болды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий