“Қойшы бала” Жігер Ауыпбаев жайлы бар шындықты айтты

“Қойшы бала” Жігер Ауыпбаев жайлы бар шындықты айтты

«Қойшы бала» лақап атымен танылған жас әнші Айдос Кәден өзіне продюсер болған Жігер Ауыпбаевпен арадағы қарым-қатынасы жайлы ашық айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ  Alash.kz-ке сілтеме жасап.

«Негізі кешірмейтіндей, қатігез, біреуге кек сақтап жүретін адам емес. Білемін ғой. ...Жігерден кетуге азғырғандар болды. Аттарын айтпай-ақ қояйын. Өнердегісі бар, туысқандарым бар. Туысқандарымнан бөлек, ортаға от салғандар көп болды. Мен ондаймен сыналып көрмегенмін, бірінші рет сыналдым, оны жеңіп шыға алмадым. Соған өкінемін», - деді Айдос Кәден Massaget.kz сайтының Kezdesu YouTube-арнасына берген сұхбатында.

«Қатеңді түсінген уақытта Жігер Ауыпбаевқа қайта неге бармадың?» деген сұраққа әнші былай жауап берді:

«Өзіме де ол сұрақты көп қоямын. Не үшін екенін білмеймін. Қазір де ренжулі шығар. Бірақ білмеймін, бара алмаймын. Ниеттенемін, бара алмаймын. Бұл ол кісіні жек көргеннен емес»,- деді әнші.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу