Қозы Көрпеш-Баян сұлу күні қанша жұп неке қиғаны белгілі болды

15 сәуір – Ғашықтар күні Қазақстанда 500-ден астам жұп некеге отырған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді.
«Осы күні АХАТ бөлімдеріне неке тіркеуге жарты мыңнан астам өтініш келіп түсті. Ең көп неке тіркелген өңірлер – Алматы, Астана және Түркістан облысы», – делінген хабарламада.
2024 жылдың бірінші тоқсанында ел бойынша 23 мың неке тіркелген.
Қазақстанда неке қиюға өтініш беру бірнеше жолмен жүзеге асады:
- АХАТ бөлімдеріне тікелей жүгіну арқылы,
- Электронды үкімет порталы (Egov.kz),
- Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы.
Мемлекеттік органдар өтінішті бір жұмыс күні ішінде қарап, 15 күннен кейін таңдаған АХАТ бөлімінде неке қию рәсімін белгілейді.
Егер таңдалған күн демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, неке тіркеу келесі жұмыс күніне автоматты түрде ауыстырылады.
Айта кетейік, Қазақстанда 15 сәуір – Ғашықтар күні ретінде 2011 жылдан бастап аталып өтеді. Бұл күннің символдары – ұлттық лиро-эпостық кейіпкерлер Қозы Көрпеш пен Баян сұлу.
Соңғы жаңалықтар





