«Қуана қоймады ма?»: Роза Рымбаеваға арналған құттықтау желіде дау тудырды

26.12.2025 10:04 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Қуана қоймады ма?»: Роза Рымбаеваға арналған құттықтау желіде дау тудырды
0
67
Коллаж: Politico.kz

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға өнердегі әріптестері тосынсый жасап, Жаңа жыл қарсаңында ән арнап, құрмет көрсетті. Бұл сәт әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Politico.kz

Құттықтауға Жанар Айжанова бастаған бір топ танымал әнші – Жазира Байырбекова, Бейбіт Сейдуалиева, Гүлнұр Оразымбетова, Ақбота Керімбекова, Мөлдір Әуелбекова қатысты. Олар Роза Рымбаеваға арнап арнайы ән орындап, гүл ұсынып, жылы лебіздерін білдірді.

Алайда күтпеген құттықтауға Рымбаеваның «Не болып қалды, қыздар?» деп жауап беруі желі қолданушыларының назарын аударды. Көпшілік әншінің бұл сәттегі реакциясын түрліше қабылдады.

Желіде кей қолданушылар Роза Рымбаеваның әрекетін салқынқандылық ретінде бағалап, сын пікірлер қалдырды.

«Роза апай менсініп тұрған жоқ сияқты», «Неге қатайып тұр?», «Ұлық болсаң, кішік бол деген», «Құшағын ашып, жылы қарсы алса ғой» деген пікірлер жазылды.

Сонымен қатар дәл осындай форматта әнші қыздар Мақпал Жүнісованы да құттықтаған. Бұл жолы желі қолданушылары Жүнісованың жылы жүзбен, ашық көңілмен қарсы алғанын атап өтіп, екі өнер иесінің реакциясын салыстыра бастады.

«Мақпал апай өте жылы қабылдады», «Екеуінің реакциясын салыстырып көріңіздер», «Мақпал апайдың мейірімі сезіледі» деген жазбалар да көптеп кездесті.

Дегенмен кейбір оқырмандар Роза Рымбаеваға жасалған сынмен келіспей, оның мінезі сабырлы әрі салмақты екенін, тосын жағдайға тосылып қалуы мүмкін екенін алға тартты. Олардың пікірінше, қысқа видео арқылы адамды толық бағалау дұрыс емес.

Қалай болғанда да, бұл жағдай халықтың сүйікті әншілеріне деген қызығушылығы мен назарын тағы бір мәрте көрсетті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий