«Құдай құрбандық сұрады»: әйел төрт жастағы ұлын өлтіріп, өртемек болған

20.07.2026 12:35 Мөлдір ҚАЙНАР
«Құдай құрбандық сұрады»: әйел төрт жастағы ұлын өлтіріп, өртемек болған
2947
Фото: ЖИ

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында төрт жасар ұлын аса қатыгездікпен өлтіріп, мәйітін өртемек болған әйелге  19 шілде күні өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиға 2024 жылғы 12 маусымда Бижнор ауданында болған. Тергеу мәліметінше, баланың әкесі Капил Кумар егістіктен үйіне оралғанда, жұбайының төрт жасар ұлы Харшты күрекпен ұрып жатқанын көрген. Кейін әйел қылмыстың ізін жасыру мақсатында ауыр жараланған баланы жанып жатқан отқа лақтырмақ болған. Әкесі мен туыстары баланы құтқаруға тырысқанымен, ол алған жарақатынан көз жұмды.

Сот отырысында қорғаушы тарап әйелдің психикалық денсаулығына қатысты уәж келтіргенімен, сот бұл дәлелді қабылдамады. Нәтижесінде әйел кісі өлтіру және қылмыстың ізін жасыру әрекеті бойынша кінәлі деп танылды.

Сот оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, 60 мың үнді рупийі көлемінде айыппұл салды. Оның 40 мың рупийі қаза тапқан баланың әкесіне өтемақы ретінде төленеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий