30 жыл бұрын бір топ жігіт зорлаған: Наташа Қалымбетова АҚШ-қа шұғыл аттанбақ

30 жыл бұрын бір топ жігіт зорлаған: Наташа Қалымбетова АҚШ-қа шұғыл аттанбақ
Фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстанда осыдан 30 жыл бұрын төрт ауылдасының зорлағанын айтқан Наташа Қалымбетова қызымен бірге ДНҚ-тест тапсыру үшін АҚШ-қа аттанбақ. Ол осы сараптама арқылы іс бойынша бұлтартпас дәлел жинауды көздеп отыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Қалымбетова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған бейнеүндеуінде айтты. Оның сөзінше, Америкада тұратын қызы күтпеген жерден WhatsApp арқылы хабарласып, өзі туралы барлық деректі беруді сұраған.

«Қызым маған: «Енді Америкаға өзің келесің» деді. Өзі күтіп алып, содан кейін екеуміз де АҚШ-та ДНҚ-тест тапсыратынымызды айтты. Енді ешкімді аямайтынымды айтқым келеді. Жас кезімде ұрып-соққандарды, тоқсаныншы жылдары көз жасымды төккенімді, әкемнің, анамның және ағаларымның менен бас тартқанын, бар кінәні маған артқанын кешірмеймін. Бұл істі соңына дейін жеткіземін»», – деді ол.

Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Наташа Қалымбетова 30 жыл бұрын болған зорлық оқиғасына байланысты соттасып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, өзін 17 жасында төрт ауылдасы зорлаған. Осы қайғылы жағдайдан кейін Наташа ұзақ жылдар бойы шетелде өмір сүрген.

Оның  қылмыс туралы ашық мәлімдемесі қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Жәбірленушінің айтуынша, сол кездегі оқиға салдарынан дүниеге келген қызы кейін шетелдік отбасының асырап алуымен АҚШ-қа кеткен.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу