Құранда шашты жабу міндеттелмеген - теолог

Құранда шашты жабу міндеттелмеген - теолог
Фото: кол

Құранда әйел адамның шашын жабуға міндетті екені туралы тікелей бұйрық жоқ. Бұл туралы белгілі теолог Елнар Берікбаев Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды  Politico.kz.

Шашты жабу талабы негізінен хадистерге сүйенетінін атап өткен дінтанушы қоғамдағы осы қайшылыққа назар аудартты.

"Құранда әйел адамның шашын жабуға міндетті екені туралы тікелей әрі біржақты нұсқау жоқ. Бұл талапты негіздеу үшін хадистерге де сүйенеді. Алайда осы тұста заңды сұрақ туындайды: неліктен кейбір хадистер міндетті түрде орындалуы тиіс деп қабылданса, енді біреулері міндетті саналмайды?", – деп жазды Елнар Берікбаев.

Теолог мысал ретінде тамақтан соң саусақ жалауға қатысты сенімді хадисті келтіріп, бүгінде адамдардың майлықты еркін қолданатынын атап өтті.

"Неліктен мұндай икемділік бір жағдайда рұқсат етіліп, әйелдерге қойылатын шектеулер туралы сөз болғанда жоғалып кетеді? Әлемдік діннің орасан зор рухани әрі мәдени мұрасы барған сайын қыз баланың басындағы бір жапырақ матаға ғана тіреліп барады", – деді теолог.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу