Құрбан айт мерекесін тойлау кезінде 16 мыңнан астам адам жарақат алды
662
Түркияның Денсаулық сақтау министрі Кемаль Мемишоғлу әлеуметтік желіде (X парақшасында) Құрбан айт мейрамы кезінде 16 мыңнан астам адамның түрлі жарақатпен медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады.
Ең көп жарақат алғандар:
-
Анкара — 1049 адам
-
Стамбул — 753 адам
-
Конья — 655 адам
«Құрбан шалу кезінде жарақат алған 14 372 азаматымыз медициналық мекемелерге жүгінді. Құрбан шалу – кәсіби мамандардың көмегімен жасалуы тиіс рәсім екенін тағы да ескертеміз. Әлі де құрбандық шалмаған азаматтарды аса мұқият болуға шақырамыз. Барша жарақат алғандарға Алла шипа берсін, тез сауығып кетуін тілеймін», – деп жазды министр Мемишоғлу.
Бұл жағдай Түркия билігін Құрбан айттағы қауіпсіздік мәселесіне қайта назар аударуға мәжбүр етті.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...