«Қысым болмады дей алмаймын»: ақтөбелік белсенді өлі табылған әкім туралы тың дерек айтты
Ақтөбелік белсенді Ардақ Құбаш күні кеше өлі табылған Кеңқияқ ауылдық округінің экс-әкімі Қуанышбек Серікжанұлы туралы әлеуметтік желіде жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz Ozgeris.info-ға сілтеме жасап.
«Түбіне жетті-ау… санасыздардың былығы мен қылығын-ай… адам өмірін күл-талқан етіп аңыратып… жерлестер… жас әкіміміз Қуанышбек Серікжанұлынан қапыда айырылып қалдық-ау … осындай қаралы хабар келді, қайтейін-ай… әрине, қысым болмады деп айта алмаймын, діттеген пенде түбіне жетті, аян арқылы да көргенмін кім екенін өзіне айта алмадым-ау… соңғы қоңырау соққаның да ел тыныш па деп…», – деп жазды Ардақ Құбаш.
Сондай-ақ ол марқұмның отбасына, туған-туыстарына көңіл айтып, оларға сабыр тіледі.
«АЛЛА алдынан жарылқасын, біліп-білмей жасаған күнәләрін кешіріп, жұмақтан төрі болғай да. Ата-анасына, жанұясына, жан-жары, балаларына, бауырлары, тума-туыстары мен достарына көңіл айтып, жұбату айтып, сабырға шақырамыз. Басқа не келеді қолымыздан-ай…», – деді ол.
Соңғы жаңалықтар