Қытайға тұрмысқа шыққан қызын тойда әкесі атып тастады

29.07.2026 18:30 Томирис САҒЫНДЫҚ
Қытайға тұрмысқа шыққан қызын тойда әкесі атып тастады
100

Журналист Арман Әубәкір өзі жүргізіп отырған подкаст кезінде қытай азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызының оқиғасын бөлісті. Айтуынша,  әкесі оны «қытай азаматына тұрмысқа шықтың» деп той үстінде атып тастаған, деп хабарлайды Politico.kz.

«Бұл оқиғаны бірге оқыған курстастарым, достарым айтып берген еді. Бұл – ертеректе болған оқиға. Бір бойжеткен қыз Қытай азаматымен тұрмыс құрмақшы болады. Оған әкесі батасын бермей, ренжиді. Соған қарамастан, қыз тұрмысқа шығып, той өтіп жатады. Той үстіне әкесі барған бойда өз қызын атып тастапты. Одан кейін ол өмір бойына түрмеге қамалды ма, әлде өз-өзіне қол жұмсады ма, әйтеуір осындай қайғылы аяқталған жағдай болған екен», – деді Арман Әубәкір.

Ары қарай ол мұндай қатал практика бұрынғы қазақ қоғамында да болғанын атап өтті.

«Мұндай қаталдық пен берік ұстанымдар кезінде қазақ қоғамында да болған ғой. Ұл-қызы өз дегеніне бағынбай, отбасы ережесін бұзса, ата-аналар өте қатал шаралар қолданған. Маған тіпті өзімнің әкем де қатты ашуланғанда: "Сені өзім өмірге әкелдім, өзім мерт етемін!" – деп айтатын. Негізінде, қатты ашу үстінде сондай сөздерді қолданатын еді. Біз де, расында, әкемізден қорқып өстік. Ал қазіргі әкелерде, соның ішінде өзімде де бұрынғыдай сес, айбын жоқ», – деді журналист.

 

Войдите, чтобы оставить комментарий