"Қыз мұраты кету": Жақында Мирас пен Құралайдың шаңырағында той болады
Қазақ эстрадасында тағы бір дүбірлі той өтпек. Жақында жұлдызды жұп Мирас пен Құралайдың қыздары қалыңдық атанады, деп хабарлайды Politico.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.
Өнер иелері қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Кадрлардан әншілердің қыздары Іңкәрға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасағанын байқауға болады.
“Жол мұраты жету, қыз мұраты кету. Жақсы жаңалығымызбен бөлісіп жатырмыз! Бақытты бол, Іңкәрім”, – деп жазылған парақшада.
Желі қолданушылары мен эстрада жұлдыздары өнер иелерінің қызын жарыса құттықтап жатыр.
“Балапандар бақытты болсын”, “Сұлу қыз бақытты болсын”, “Жастар бақытты болсын”, “Інкәр қызға шын жүректен бақыт тілейміз”, “Бағы баянды болсын!” – деп жазды олар.
Айта кетейік, жұлдызды жұп бүгінде 4 бала тәрбиелеп отыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
17:20
Ақтөбе облысында жұмыс кезінде күйік алған темі...
24.10.2026
16:15
Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш ә...
24.10.2026
15:28
Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда ...
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...
24.10.2026
14:11
Атырау тергеу изоляторында жаппай наразылық бол...
24.10.2026
11:34
Атырауда департамент басшысы өлі күйінде табылды