"Қыздарыңызға "жоқ" деп айтуды үйретіңіз...": Сабина Алтынбекова күтпеген жазба жариялады

Белгілі волейболшы Сабина Алтынбекова ата-аналарды қыздарына өзін қорғауды және әділетсіздікке қарсы тұруды үйретуге үндеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ penalty.kz-ке сілтеме жасап.
"Қыздарыңызға "жоқ"деп айтуды үйретіңіз. Қажет болса, қыздарыңыз дауыс көтере де білсін. Қыздарыңызға әділетсіздікке қарсы тұруды үйретіңіз. Қауіпсіздікті сыпайылықтан жоғары қоюды үйретіңіз." "Көмектесіңіз" деудің орнына "өртеніп жатыр!" деп айқайлауды үйретіңіз. Қыздарыңызға өз денесінде өзін жайлы сезінуді үйретіңіз. Ұятсыз өмір сүруді үйретіңіз. Соққыны бірінші болып жасауды үйретіңіз. Жауап ретінде тістеп алуды үйретіңіз. Лайықты қарым-қатынас көрсетілмесе, әлемді күлге айналдыруды үйретіңіз. Қыздарыңызға өзіне қиянат жасағандарды әшкерелеуді үйретіңіз. Өте байсалды, сөйте тұра қауіпті болуды үйретіңіз. Өзіне сенімді болуды үйретіңіз. Не қалайтынын түсінуді үйретіңіз. Қыздарыңызға өз көзқарасын қорғауды үйретіңіз. Батыл болуды үйретіңіз. Ержүрек болуды үйретіңіз. Қыздарыңызға жақсылыққа сенуді үйретіңіз. Сонан соң олар осыған лайық екенін айтыңыз. Қыз баланың тағдыры ауыртпалықпен астарлас болуы міндет емес" – деп жазды Алтынбекова.
Соңғы жаңалықтар





