"Қызметімнен босатылған соң анам қайтты": Нұрай ісі бойынша жұмыстан қуылған полицей сұхбат берді

24.01.2026 10:42 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
525
Фото: коллаж politico.kz

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істен кейін қызметінен босатылған полиция офицері Әбілғазы оқиғаға дейінгі жағдайларға байланысты өз нұсқасын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның сөзінше, ол сол сәтте барлық әрекетті заң талаптарына сай орындағанымен, істің қоғамда үлкен резонанс тудыруына байланысты өзі және бірқатар басшылықтағы тұлғалар жұмыстан шығарылған. 

Заңгер Айгүл Орынбекке берген сұхбатында экс-полицей Нұрай жоғалған күні шақырту түскен соң бойжеткен мен оның танысы Шерхан болған мекенжайға барғанын айтты.

«Мен екеуін де полиция бөліміне жеткіздім. Бірге де, жеке-жеке де түсініктеме алдым. Екеуі де қыздың ол үйге өз еркімен барғанын айтты. Кейін Нұрай бұл сөзін мен видеоға жазып алған түсініктемеде де растады», – деді Әбілғазы.

Оның айтуынша, жағдайдың анықтығы үшін бұл видеоны Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі арқылы жариялауды ұсынған. Алайда ұсыныс ешқандай түсіндірмесіз кері қайтарылған. Аталған бейнежазбада Нұрай 2025 жылдың 4 қазанында кешкі сағат 21:00 шамасында үш айға жуық араласқан Шерханмен бірге Алматыдан Шымкентке өз еркімен жолға шыққанын айтады.

Әбілғазы қызметінен босатылуы отбасына ауыр соққы болғанын да жасырмады. Оның айтуынша, бұл хабарды анасы ауыр қабылдап, көп ұзамай көз жұмған. Сонымен қатар экс-полицей Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгініп, істі әділ бағалауды сұрағанын жеткізді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий