"Қызметшім бар, түк істемеймін, бастарыңа келсін": Мөлдір Әуелбекова оқырмандарына мақтанды

22.05.2025 14:45
0
117
ашық дереккөзден

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова үйде ешқандай тірлік жасамайтынын айтты.

Өнер иесі көмекшісінің арқасында демалып жүргенін де ашып айтты

“Басыңызға келсін! Мен үйде дым істемеймін. Тұрамын, жуынамын. Балаларды сабаққа апарып келгенімше, бала күтушім үй тазалап қояды. Келемін де жаттығамын (үйде), ол кезде таңғы ас дайын тұрады. Ішемін, рақмет айтып тұрып кетемін. Жұмысқа кетемін. Балаларды сабақтан алып келгенімше, дәмді тамақтар дайын тұрады. Кешкі ас ішіп балалармен әбден ойнаймыз. Көңіл көтереміз. Үйдің тірлігін ары қарай көмекшім өзі жасай береді. Кір бар анау-мынау тірліктерді істей береді. Тіс жуамыз, әркім өз бөлмесінде ұйқыға кетеді.Күтушімнің жұмысына еселеп ақша төлеп отырмын. Шетелге демалысқа өзіммен бірге алып кетемін. Маған ең бастысы, өзім істемесем болды. Су құбыры бұзылса, сантехник шақырамын. Жарық шамына ауыстыру керек болса, інімді шақырамын. Ең маңыздысы, ондай жұмыстарға өзің жүрмейсің”, – деді әнші. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий