«Қызылорда-Көкшетау» бағытында әуе рейсі ашылады
Ішкі туризмді дамыту аясында келесі жылдан бастап «Қызылорда-Көкшетау» бағытында әуе рейсін ашу жоспарланып отыр.
Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаевтың Қызылорда облысы тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды. Келесі жылы «Қызылорда-Ақтөбе» автомобиль жолын қайта жөндеу басталады. Жол I техникалық санатқа сәйкес және төрт жолақты болады. Жөндеу жұмыстары Қызылорда қаласын айналып өтетін жолдан басталады. Қызылорда облысының аумағы бойынша жолдың ұзындығы 465 шақырым. Сондай-ақ 2027 жылы жалпы ұзындығы 736 шақырым болатын «Бейнеу-Сексеуіл» республикалық маңызы бар автомобиль жолының құрылысы басталады. Сонымен қатар биыл Қызылорда облысының аумағынан өтетін «Қызылорда-Жезқазған» автожолының 140 шақырымы пайдалануға беріледі. Кездесу соңында министр өзекті мәселелері бар өңір азаматтарын жеке қабылдады. Фото: Көлік министрлігі
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
16:51
Шортандыда вагон үстіне шыққан оқушыны тоқ соқты
30.10.2026
16:25
Жетісуда «жүкті» әйел 15 тәулікке қамалды
30.10.2026
16:06
Елордада Есіл өзенінен адам мәйіті табылды
30.10.2026
16:04
«Балалар үшін үйленбедім»: Медеу Арынбаев марқұ...
30.10.2026
15:45
Сатыбалдының бұрынғы қонақүйі үш есе арзанға са...
30.10.2026
15:24
«Бетімді тырнап, жарақаттады»: Алматыда ер адам...