Қызылорда облысында әскерилер мінген көлік жол апатына түсті: адам шығыны бар (ВИДЕО)

04.02.2026 09:08 Әсел Мұрат
Қызылорда облысында әскерилер мінген көлік жол апатына түсті: адам шығыны бар (ВИДЕО)
325
Фото: видеодан скрин

Қызылорда облысында жол апатынан 20 жастағы адам көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиға 2 ақпанда сағат 13:45 шамасында Сырдария ауданына қарасты Шаған ауылының маңында Қарабұтақ–Қызылорда–Шымкент тасжолында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Тереңөзек кентінен Ақжарма ауылына қарай бет алған Audi 80 автокөлігі қарсы бағытта келе жатқан Шекара қызметі департаментіне тиесілі қызметтік «Урал» жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Қызметтік көлікте жүргізушіні қоса алғанда, 23 әскери қызметкер болған.

Екі көліктің соқтығысуынан, Audi көлігі өртке оранып, жеңіл көліктің 20 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Әскери қызметкерлер отырған көлікке де айтарлықтай зақым келген.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен («Кісі өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу») қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий