Қызылордадағы аттракциондардың бірінде бала екі аяғынан айырылды
Қызылорда қаласындағы «Арай» паркінде болған қайғылы оқиға жұртшылықты алаңдатты, деп хабарлайды Politico.kz.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, аттракциондағы апат салдарынан бала ауыр жарақат алып, екі аяғынан айырылған. Қазіргі таңда оның жағдайы ауыр, дәрігерлер өмірі үшін күресіп жатыр.
Оқиғадан кейін жақындары мен еріктілер әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды қан тапсыруға шақырды.
«Баршаңыздан өтініш – көмектесіп, қан тапсырайық. Кез келген қан тобы жарайды. Қан Тұрғынбай Балғынбекке қажет», – делінген желіде тараған хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы ресми түрде жарияланған жоқ. Құзырлы органдардан қосымша ақпарат күтілуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...