Қызылордада екі әйелі бар имам Антикорға пара берген
1704
Қызылордада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің бұрынғы қызметкері Серік Әбілқайыров өзінің туысы – «Ыбырай молда» мешітінің имамы Талғат Нұрманды алдады, деп хабарлады Nege.kz.
Ол туысының сенімін пайдаланып, имамға деструктивті діни ағымдармен байланысы бар деген күдікпен тексеріс жүргізілгелі жатқанын айтқан. Әбілқайыровтың айтуынша, күдіктің туындауына имамның екі әйелмен тұруы себеп болған. Бұл оның кіріс көздеріне қатысты сұрақтар туындатқан.
Мүмкін болатын зардаптардан қорыққан Талғат Нұрман 2 миллион теңге беру туралы талапқа келісіп, 1 миллион теңге несие алып, ақшаны Әбілқайыровқа ұстатқан. Алайда кейін алдаудың құрбаны болғанын түсінген соң құқық қорғау органдарына жүгінген. Осыдан кейін Әбілқайыров ақшаны қайтарып берген.
Шын мәнінде имамға қатысты ешқандай тексеріс жоспарланбағаны және Әбілқайыровтың жеке мүдделерін көздегені анықталды. Сот оны алаяқтық жасағаны үшін 20 миллион теңге айыппұлмен жазалады. Нұрманға қатысты пара беру әрекеті үшін кінә тағылып, бірақ ол өз еркімен құқық қорғау органдарына жүгініп, кінәсін мойындағандықтан қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Фото: viktoriafoto.ru
Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
12:18
Ғалым: Қандастарға "Сіздер дұрыс жасадыңыздар" ...
21.09.2026
11:59
Жетісуда машинист теміржол бойында жалғыз жүрге...
21.09.2026
11:57
Ғалым Жүсіпбек: Қандас ер адамдарда «дедовщина»...
21.09.2026
11:36
Роза Рымбаева: Бет-аузын тұмшалап алған қыздард...
21.09.2026
11:30
Әділетхан Молдаханның апелляциялық соты қашан ...
21.09.2026
11:18
Қонаевта 22 жастағы жүргізуші баланы қағып өлтірді