"Қызым - аутист, сөйлемейді": Белгілі әнші ерекше баласы туралы сөз қозғады

26.03.2025 14:12
0
70
видеодан алынған кадр

Белгілі әнші Жасұлан Базарбай әлеуметтік желідегі парақшасында жүрек тебірентерлік жазба жариялап, өзінің ерекше қызымен бөліскен сырын ақтарды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қызы – аутист. Сөйлемесе де, ән арқылы өз ішкі жан дүниесін жеткізе алады. Үйінде ешкім орысша сөйлемесе де, қызы сүйікті әнін кез келген тілде – ағылшынша болсын, кәрісше болсын – ерекше нақышпен орындайды. Бұл әнші үшін күн сайын қайталанатын ғажайып құбылыс, себебі қыз бала ән арқылы өзін білдіріп, эмоциясын сыртқа шығарады. Ол – қарапайым емес, ерекше, дарынды және терең сезетін бала. Тек әлеммен байланыс орнату тәсілі өзгеше.

Жасұлан Базарбай қазіргі таңда аутист балаларды зерттеумен айналысып жүргенін де жасырмады. Көптеген ата-анамен сөйлесіп, олардың балалары да сөйлемесе де, сурет салып, музыка сезініп, сандармен ойнайтынын айтты. Ол қоғамда аутист балаларға қатысты түсініктің әлі де таяз екенін, мұндай балаларға “мүгедек” деген анықтама беріліп, “ауру” ретінде қаралатынына қынжылыс білдірді.

Оның пайымдауынша, аутизм – бұл ауру емес, ерекше даму жолы. Мұндай балалар мүгедек емес, керісінше, дарынды әрі ерекше сезімтал. Олар әлемді басқаша қабылдап, өз шындығын сөз арқылы емес, музыкамен, бейнелеу өнерімен, қозғалыспен немесе дыбыспен жеткізеді. Бұл – ішкі әлемнің ерекше көрінісі.

Жазбасын қорытындылай келе, әнші қоғамның аутист балаларға деген көзқарасы түбегейлі өзгеруі тиіс екенін баса айтты. Оның сөзінше, бұл балалар біз ойлағандай әлсіз емес, қайта олар пәк, терең және таза әлемде өмір сүреді. Сондықтан оларға жанашырлық емес, түсіністік, қабылдау және ең бастысы – мүмкіндік қажет.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий