“Қызымның өткенін қазбалап, жынды қылып көрсеткісі келеді” - Ақнәрдің анасы

11.12.2025 11:24 Мөлдір Талғат
“Қызымның өткенін қазбалап, жынды қылып көрсеткісі келеді” - Ақнәрдің анасы
0
184
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Ақнәр Гүлстан

2024 жылы көпқабатты үйден құлап көз жұмды деп көрсетілген Ақнәр Хамиттің ісі бір жарым жыл өтсе де шешімін таппай, созбалаңға түскеніне наразы болған анасы Гүлстан Хамит бар шындықты ашып айтып, қоғамнан әділдік талап етті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Оның айтуынша, қызын қинап, физикалық қысым көрсетіп, кейін балконнан лақтырып жібергеніне қатысты айғақтарды жинағанымен, күдікке ілінген құрбылары әлі күнге дейін бостандықта жүр. Анасы олардың оқиға кезінде де, жедел жәрдем келген сәтте де еш әрекет етпей, төменге түспегенін, Ақнәр өлім мен өмір арасында жатқанда да хабарласпағанын айтып қынжылды. Ол былай дейді.

“Маған Дидар өзі айтты. Мен ол қыздарды аяғыммен іздеп барған жоқпын. Өйткені оқиға кезінде де олар жедел жәрдем келгенде астыға түспеген. Ақнәр реанимацияда жатқанда да барған жоқ. Жылап, ‘апай, осылай болды’ деп айтпаған. Ертесінде Ақнәрдің артын қазып, өзі көзі тірісінде ақтап кеткен істерді қайта қазбалап жүрген.”

Гүлстан Хамиттің сөзінше, тергеушілер оқиға орнынан қажетті айғақтарды алмаған, қыздың заттары жоғалып кеткен, сынық тырнағы да табылмай қалған. Соған қарамастан, бар дүние екі қыздың сөзіне сүйеніп, оқиғаға қатысы жоқ адамдардан жауап алу арқылы “өз-өзіне қол салды” деген нұсқаға жұмыс істелген. Ол мұның барлығы істегі заңбұзушылықтарды жасыру үшін жасалып отыр деп есептейді. Анасы осылай дейді.

“Құқық қорғау органдары қызметкері өз қателігін жасыру үшін күні бүгінге дейін Ақнәрдан кір іздеп, екі қыздың көрсетуімен жұмыс істеп келеді. Олар Ақнәрді жынды қылып көрсеткісі келеді. ‘Психологиясында ақауы бар, бұрыннан өзі өлгісі келген’ деп көрсеткісі келеді.”

Оның айтуынша, күдікті қыздар марқұмның рухына аза тұту орнына, керісінше, Ақнәрдің өткенін қазбалап, болмаған оқиғаларды өз мүдделеріне пайдаланып жүр. Анасы істің ашық, әділ және бұрмалаусыз жүргізілуін талап етуде.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий