Рамазан айында әр отбасыға 20 мың теңге: министрлік мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желілерде Рамазан айына орай қазақстандықтарға 20 мың теңгелік әлеуметтік көмек көрсетілетіні туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Politico.kz
Желіде жарияланған хабарламада 2026 жылғы Рамазан айына арналған арнайы көмек пакеті бар екені, оған өтінім беру басталғаны айтылған. Онда әр отбасыға күріш, ұн, өсімдік майы, жасымық, қант, шай, құрма секілді азық-түлікпен қатар 20 000 теңге берілетіні көрсетілген. Сонымен қатар белгісіз сілтеме арқылы өтінім толтыру ұсынылған.
Аталған ақпараттың рас-өтірігін анықтау үшін BAQ.KZ.редакциясы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына (ҚМДБ) сауал жолдады.
Министрлік бұл хабарламаның жалған екенін ресми түрде мәлімдеді. Ал ҚМДБ әзірге бұл мәселеге қатысты түсініктеме берген жоқ.
Құзырлы органдар азаматтарды күмәнді сілтемелерге өтпеуге және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
17:28
Путин, Трамп, Си Цзиньпин: Әлем көшбасшылары То...
25.10.2026
16:32
Атыраудағы NIS мұғаліміне қатысты дауда жаңа де...
25.10.2026
16:16
Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі ұсталғаны хабарланды
25.10.2026
15:14
Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық қыз жұмбақ ж...
25.10.2026
14:10
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы жүк көліг...
25.10.2026
13:34
Атырауда әйелдерді дәретханада жасырын видеоға ...