Рамазан айының қадірін төмен түсіріп жатырмыз - Нұрлан имам

Рамазан айының қадірін төмен түсіріп жатырмыз - Нұрлан имам
01.04.2025 21:16
0
293
Фото: Видеодан скрин

Белгілі имам Нұрлан қажы Байжігітұлы айттан кейін ұсталатын оразаға қатысты желіде пікірталас тудырған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Дін өкілі желіде Ораза айттан кейін "қаза оразаны ұстаймын ба, әлде бір жылдық ораза ұстағанмен тең Шәууәл айының нәпіл оразасын ұстаймын ба" деген қызу пікірталасқа нүкте қойды.

Нұрлан имамның айтуынша, Ораза айт - бір күн, ал Құрбан айт - үш күн атап өтіледі.

"Рамазан айының өзі және оның кәффараты мен қазасы да парыз болып есептеледі, яғни, Құрандағы құдайдың бұйрығы. Қазір біз сауабы 360 күнге тең деген нәпіл оразаны дәріптегеніміз соншалық, Рамазан айының қадірін төмен түсіріп жатырмыз, қарызымен қосып. Оны кейін ұстаймын деген болмайды. Бірінші қарыздан құтылыңыз, қанша күн қарызыңыз бар, соны өтеңіз. Ал Шәууәл айы бір айға созылады. Нәпіл ораза – сауап, бірақ міндет емес, қосымша, таласатын дүние емес. Екеуіне бір ниет қылмайды, екеуі жеке-жеке құлшылық. Рамазанның қарызы мойныңда тұрған кезде нәпілді ұстау сәл қиыспайтын дүние. Өйткені қарыз үшін сұраласыз, ал нәпіл үшін сұралмаймыз. Бұл сауапты амалдың бірі, ұстасаңыз – сауап, ұстамасыңыз – сұрағы жоқ. Сондықтан сұрағы бар бар нәрсеге ұмтылуға шақырамын", - деді имам.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий