Расталды: Асан Үмбетов жоғары лауазымға тағайындалды

Расталды: Асан Үмбетов жоғары лауазымға тағайындалды
16.10.2025 09:26
0
259
фото: ашық дереккөз

Асан Үмбетов «ҚТЖ-да» жоғары лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Астана. 16 қазан. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқару командасын күшейту мақсатында бірқатар маңызды кадрлық өзгерістер жасалғанын хабарлады. Кеше ғана тағайындалуы мүмкін екені айтылған Асан Үмбетов «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің Бас директоры болып бекітілді.

««ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры (Басқарма төрағасы) Асан Үмбетов болды», – делінген хабарламада.

Бұл ауқымды өзгерістер аясында тек Үмбетов қана емес, Владимир Петров, Сәкен Рахметов, Марат Шәкенов, Дияр Нүсіпқожанов, Александр Ширяев сынды мамандар да басшылық қызметтерге келді.

Компанияның ресми хабарламасында бұл тағайындаулар теміржол саласының негізгі бағыттарында кәсіби сараптаманы күшейту мақсатын көздейтіні атап өтілген.

«Басшы лауазымдарға тағайындалған барлық мамандар теміржол саласында көп жылдық тәжірибеге ие және өздерін елдің көлік жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан мамандар ретінде көрсете білді. Олардың саланың ерекшелігін терең түсінуі, стратегиялық ойлауы және нәтижеге бағдарлануы ҚТЖ алдында тұрған негізгі міндеттерді іске асыруда маңызды фактор болады», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Асан Үмбетовтің есімі көпшілікке осы жылдың шілде айында тараған видео арқылы танымал болған еді. Бейнеконференция барысында ол пойыздың кешігуіне қатысты қатты ашуланып, жұмысқа деген жанашырлығын көрсеткен болатын. Кейіннен ол эмоцияға берілгені үшін кешірім сұрап, жағдайды жақсарту үшін жұмысты жалғастыратынын айтқан еді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий