Боғауызбен есте қалған Асан Үмбетов бас директор атануы мүмкін

Асан Үмбетов бас директор болып тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Астана. 15 қазан. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ компаниясының бас директорлығына Асан Үмбетовтің тағайындалуы жоспарланып отыр. Әзірге бұл ақпарат ресми түрде расталмағанымен, БАҚ беттері мен дереккөздері осы кадрлық шешім туралы хабарлауда.
Асан Үмбетовтің есімі көпшілікке осы жылдың шілде айында кең тараған видео арқылы таныс. Сол кездегі бейнеконференция барысында ол пойыздың кешігуіне қатысты қатты ашуланып, эмоцияға берілген болатын. Кейіннен Асан Ізтілеуұлы бұл әрекеті үшін көпшіліктен кешірім сұрап, тиісті қорытынды шығарғанын және жағдайды жақсарту үшін жұмысты жалғастыратынын мәлімдеген еді.
Асан Ізтілеуұлы Үмбетов - 1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Ол М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Жол қатынасы инженері (Локомотивтер)» мамандығы бойынша бітірген білікті маман.
Соңғы жаңалықтар





