"Түсінетін тілмен сөйлегені дұрыс": ҚТЖ басшысы қоластындағыларын боғауызбен сөгіп жатырған видео тарауда

ҚТЖ басшысының қоластындағыларға боғауызбен сөгіп жатырған видеосы желіде тарап кетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әлеуметтік желіде Қазақстан Темір Жолы басшысының қатқыл сөзі жазылған видео тарады. Онда Асан Үмбетов - локомотив шаруашылығы бойынша бас директорының орынбасары бейнебайланыс арқылы қоластындағыларын боқтық сөзбен сөгіп жатқан сәті түсіп қалған. Айтуынша, пойыздың кестеден бір жарым сағатқа кешігуі осындай ашуға себеп болған.
@syrymitkulov Красавчик! Настоящий руководитель! #бастык #ктж #жаналыктар #новости #астана #рек #врек #рекомендации ♬ оригинальный звук - Syrym Itkulov
Бейнежазбаны кім таратқаны белгісіз, бірақ желіге тарап кеткені сол еді қоғам бірден екіге жарылды. Көпшілік пікірінде:
"Нағыз бастық осы! Түсінетін тілмен сөйлегені дұрыс!",
"Қалыпты жұмыс сәті, ешқандай қылмыс көріп тұрғаным жоқ",
"Мұндай қызметкерлерге басқа тіл өтпейді де"
деген қолдау сөздер жиі кездеседі. Бір қызығы, ашулы сөзі үшін сөгіс күтетін Үмбетов, керісінше, кей азаматтардың көзіне нағыз тәртіп орнатушы болып көрінді.
ҚТЖ бұл жағдайға қатысты бас директор орынбасарына этика мен мінез-құлық кодексін сақтау маңыздылығы жөнінде арнайы әңгіме жүргізілгенін айтты.
Желіде бастықтың сөзі қызу қолдау тапқанымен, ресми этика басқаша сөйледі. Қызметтік тәртіп пен эмоцияның ара-жігін айыру енді басшылық үшін басты сабақ болмақ.
Соңғы жаңалықтар





