Раймның бұрынғы сүйіктісі Наргизаға сөз салған жігітке жұрт кеңес айтты

Раймның бұрынғы сүйіктісі Наргизаға сөз салған жігітке жұрт кеңес айтты
23.05.2025 18:54
0
100
Фото: әлеуметтік желі

Әнші Раймның бұрынғы сүйіктісі Наргиза Рамазанқызына сөз салған жігітке желі қолданушылары түрлі ақыл-кеңес беріп, пікірлерін ашық білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Наргизаға ұсыныс жасаған азаматтың есімі – Жәнібек Ерболатұлы. Ол әлеуметтік желіде сүйіктісінің суретін жариялап, жүзін смайликпен жауып қойған. Бұл әрекет желі қолданушыларының назарынан тыс қалмады.

Пікір қалдырушылар Жәнібекке түрлі кеңес айтып, қызу талқылау ұйымдастырды. Олардың кейбірі:

«Мына қызды тастап кетсең, бүкіл Қазақстанға ұят болады», «Бетін неге жаптың, бәрібір бәрі біледі ғой», «Бақытты болыңдар! Наргизаны ренжітпеңіз, ренжітсеңіз, хейттің астына аламыз, иә, қыздар?», «Мә, сіздердің бірге екендеріңізді естіп қатты қуанып жүрмін, негізі маған қатысы жоқ болса да», - деген секілді пікірлер жазған.

Айта кетейік, әнші Райм қазіргі жары Ерке Есмаханға үйленбей тұрып, Наргиза Рамазанқызымен бірнеше жыл қарым-қатынаста болғаны ел ішінде жиі айтылып жүр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий