"Ренжіп қалдым": Төреғалидің концерті тағы да шуға ұласа жаздады
875
Ақтауда өткен жеке концертінде Төреғали Төреәлі күтпеген жағдайға тап болды. Әнші сахнада өзіне ұнамай қалған жайтты айтып, домбырасын шешіп, терме орындаудан бас тартты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Оған себеп — ұйымдастырушылар дыбыс сапасын дұрыстай алмауы. Микрофон дұрыс жұмыс істемей, әнші ырғақпен айтып келе жатқан сәтте дыбыс «сынып» кеткен.
«Болды, ренжіп қалдым. Жақсы айтып келе жатыр едім, бәрін бұзды. Қазір концерттен кейін таяқ жейді», – деп әзіл-шынын араластырған Төреғали сахнада ашық айтты.
Оқиғаға қатысты тараған видеоның астында желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған. Бірі оның мінезін «шығармашылық адамның ерекшелігі» десе, енді бірі «Төреғалидың мұндай қылығына халық үйреніп қалғанын» атап өткен.
«Ақын ғой, арқа-белі бар адам. Қазақтың намысы мен қаны бар жігіт қой, ештеңе етпес. Бірақ әдетін тастағаны дұрыс еді. Осы-ақ тырысады да жүреді», – деп пікір білдірді желідегілер.
Соңғы жаңалықтар
24.08.2026
23:38
Қазақстанның сыртқы істер министрі украиналық ә...
24.08.2026
22:28
Риддерде тартылған арқан 13 жастағы қыздың өмір...
24.08.2026
21:17
Қызылордада жалған ақпарат таратып, полицияға қ...
24.08.2026
20:17
Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр...
24.08.2026
20:06
Меркідегі Мадинаның қандай отбасына келін болға...
24.08.2026
20:02
Шығыс Қазақстанда жер сілкінді