Ресейдегі әуе қатынасына дрон шабуылдары әсер етуде

Ресейдегі әуе қатынасына дрон шабуылдары әсер етуде
11.02.2025 09:39
0
201
Валерий Шарифулин / ТАСС
Қазан, Киров, Саратов және Ульяновск әуежайлары рейстерді тоқтатты

Ресейдің Қазан, Киров, Саратов және Ульяновск қалаларындағы әуежайлар уақытша рейстерді қабылдамайды және ұшақтарды ұшыруды тоқтатты, деп хабарлайды POLITICO.KZ, Mush арнасына сілтеме жасап.

Бұл шешім Украина тарапынан болуы мүмкін дрон шабуылдарының қаупіне байланысты қабылданған. Ресейдің Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, өткен түнде әуе қорғаныс жүйелері Ресей аумағында 40 украиналық дронды жойған.

Рейстердің тоқтатылғаны туралы ресми ақпарат Ресейдің әуе қозғалысын басқару орталығынан келіп түсті. Әуежай әкімшіліктері жолаушыларға рейстердің кейінге шегерілуі немесе басқа әуежайларға бағытталуы мүмкін екенін ескертуде.

Әуе қозғалысына енгізілген шектеулердің қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Билік жағдайдың тұрақтануына қарай әуежайлардың жұмысын қалпына келтіру мәселесін қарастырады.

Ресей билігі Украина тарапынан жасалған дрон шабуылдарының жиілеп кеткенін алға тартып, әуе қорғанысын күшейту қажеттігін мәлімдеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий