«Ресейге ризамын»: Нұрлан Сабуров алғаш рет мәлімдеме жасады

09.02.2026 08:40 Әсел Мұрат
«Ресейге ризамын»: Нұрлан Сабуров алғаш рет мәлімдеме жасады
178
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Нұрлан Сабуров

Танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, қазіргі жағдайға байланысты пікір білдіре алмайтынын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Сабуровтың айтуынша, қазір бұл мәселемен заңгерлер айналысып жатыр және олар барлық құзырлы органмен тиісті деңгейде жұмыс жүргізеді.

Сабуров стендаптағы шығармашылық жолы шамамен 15 жыл бұрын Екатеринбургте басталғанын, кейін Мәскеуде жалғасқанын атап өтті. Осы жылдар ішінде ол Ресейдің көптеген қаласрында өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласынан бөленгенін айтты.

«Шығармашылық дамуыма мүмкіндік берген, өнер адамы ретінде қалыптасуыма жол ашқан елге ризамын. Ресейде де, одан тыс жерлерде де көпұлтты үлкен аудитория жинадым», – деді ол.

Стендапшы сондай-ақ БАҚ өкілдері мен блогерлерден отбасына қатысты жеке өмірінің сақталуын сұрады.

«Жұбайым мен балаларымның, ата-анам мен жақындарымның, отбасымның жеке өміріне құрметпен қарауларыңызды өтінемін», – деп жазды стендап-комик.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сабуровқа Мәскеуге ұшып барғанда, Ресейге кіруге тыйым салынғаны хабарланған еді. Ресейлік БАҚ-тың жазуынша,  мұндай шешім «ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін» қабылданған.

Алайда Ресейдің ресми ведомстволары да, әзілкештің өзі де, оның өкілдері де бұл жағдайға қатысты жария түсініктеме берген жоқ.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Нұрлан Сабуровтың өзі де оның заңды өкілдері Ресейдегі Қазақстан Елшілігіне жүгінбегенін хабарлады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий