Ресейге жолы жабылған Нұрлан Сабуровқа қатысты ІІМ мәлімдеме жасады
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі танымал қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуровке қатысты қылмыстық іс қозғалмағанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, аталған тұлғаға байланысты ішкі істер органдарында ешқандай қылмыстық іс тіркелмеген.
Еске сала кетейік, бұған дейін ресейлік ақпарат көздерінде Сабуровқа Ресей аумағына 50 жылға кіруге тыйым салынғаны туралы мәлімет тараған болатын. Кейін оның Ресей азаматтығын алудан бас тартқаны және елге қайта оралуына қатысты бірқатар шарттар жарияланғаны хабарланды.Сонымен қатар әлеуметтік желілерде әзілкештің Украинадағы соғысқа қатысы бар делінген “Вагнер” жеке әскери компаниясының (ЖШС) жауынгерлеріне 10 мотоцикл сыйлап, “Барлығы жеңіс үшін” қорына 2 миллион рубль аударғаны жөнінде ақпарат тарады. Осы мәліметтерге байланысты Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеру жүргізіп жатқаны белгілі болған еді.
Қазіргі таңда Ішкі істер министрлігі тарапынан Сабуровқа қатысты қылмыстық іс қозғалмағаны ресми түрде расталып отыр.
Соңғы жаңалықтар