Ресеймен байланысы бар деген күдікпен Қазақстандық компания санкцияға ілікті

Ресеймен байланысы бар деген күдікпен Қазақстандық компания санкцияға ілікті
10.01.2025 11:28
0
171
quasa.io
Қазақстандық компания Жапонияның санкциясына ілінді: атауы жарияланбады

Қазақстандық жеке компания Жапонияның Ресейге қарсы санкциялар тізіміне енгізілді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жапондық Nikkei басылымының ақпаратына сәйкес, 10 қаңтарда Жапония үкіметі Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін мақұлдады. Бұл шаралар Украинаға басып кіруге байланысты енгізілген. Санкцияларға сәйкес, Ресейге 335 түрлі тауарлардың, оның ішінде машина бөлшектері мен химиялық заттардың экспортына тыйым салынады.

Сонымен қатар, 11 жеке тұлға, 29 заңды тұлға және үш ресейлік банктің активтері тоқтатылды. Жапония үкіметі санкция тізіміне Ресеймен байланысы бар деп есептелген алты елдің, соның ішінде Қазақстанның да компанияларын енгізген. Алайда жапондық БАҚ қазақстандық компанияның атауын нақтыламады.

Бұл тізімге Қытайдан – 18, Түркиядан – 8, Қырғызстаннан – 2, Біріккен Араб Әмірліктері мен Таиландтан бір-бір компания кірді.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, осы санкциялар пакеті аясында Солтүстік Кореяның бір азаматы мен грузиялық MRB Bank активтері де тоқтатылды.

The Japan Times басылымы бұл шаралардың мақсаты «Ресейдің үшінші елдерді санкцияларды айналып өту үшін пайдалануына қарсы әрекет ету және Солтүстік Кореяның Мәскеуді қолдауына жауап беру» екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұл Қазақстан компанияларының Жапония санкцияларына алғаш рет ілігуі емес. 2024 жылдың маусым айында жапон билігі америкалық санкциялар тізімінде болған Elem Group компаниясына шектеулер енгізген болатын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или