Респонденттердің 78 пайызы Конституциялық реформаны қолдайды — сауалнама

03.02.2026 17:26 Әсел Мұрат
Респонденттердің 78 пайызы Конституциялық реформаны қолдайды — сауалнама
173
Фото: ашық дереккөз

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бүгінгі отырысында Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов жаңа Ата заңға енгізілетін өзгерістерді халықтың қалай қабылдап жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

«Жақында «Қоғамдық пікір» институты өткізген сауалнаманың нәтижесін жариялаған еді. Осы зерттеудің нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 79 пайызы жүргізіліп жатқан Конституциялық реформаны уақтылы деп санайды. Сондай-ақ азаматтардың едәуір бөлігі Конституциядағы өзгерістерді жеке әл-ауқатының артуымен, өмір сапасының жақсаруымен тікелей байланыстырады», — деді ол.

Айтуынша, респонденттердің 65 пайызы ұсынылып отырған өзгерістер олардың өміріне оң әсер етеді деп сенеді.

«Нәтижесінде сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі, яғни, респонденттердің 78 пайызы Конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді. Қоғамдық пікірді зерттеу көрсеткендей, Конституциялық реформа — азаматтардың кеңінен талқылауға қатысуына және қоғамдық қолдауға сүйенеді», — деді институт басшысы.


 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий