"Резеңке іш": Қайрат Нұртастың аяғы ауыр әйелі жазбалар көрсетті

17.06.2025 18:48
0
200
Фото: әлеуметтік желі

Әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі хейтерлердің жағымсыз пікірлеріне жауап беріп, оларды сабырға шақырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жұлдыз өзінің сторисінде соңғы уақытта алған хаттарының кейбірін жария етті. Комментаторлар тарапынан төмендегідей пікірлер айтылған:

"Сағындың ба, назарсыз қалдың ба?", "Фигураң, әрине, әдемі, бірақ Жұлдыздың түрі шаршаңқы сияқты. Өзін жақсы жағынан көрсеткісі келетіндей, бірақ өзін жоғалтып алғандай", "Бұл резеңке іш, көрініп тұр", "Неге аяғы ауыр кезінде осылай суретке түсесің? Жүкті екенін дәлелдегісі келетіндей. Қазір іш жасап алу қиын емес, бірақ түр-әлпетті өзгертуге болмайды, жүкті екенін бет-жүзінен білуге болады", "Бала-шағасы бар әйелге 'бұл жетінші жүктілік' деп жазудың қажеті не?"

Жұлдыз мұндай пікірлерге нақты жауап беріп, өзі үшін қуанып, ізгі оймен қарайтын оқырмандары ғана парақшасында қалуын қалайтынын айтты:

"Кімде-кім қуанышты жаңалықты қабылдай алмаса, парақшамнан шығып кетіңіз. Менің шын оқырмандарым ғана қалсын. Өзгенің бақытына шыдай алмайтын адамдар, менің жақсы жаңалықтарымды естігенде одан сайын қиналатын боласыздар. Әзірге санаңыз барда, парақшамнан кетіп, өзіңізге тыныштық жасаңыз," – деп жазды Жұлдыз.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий