Реалити-шоу жұлдызы сүйіктісінің басын кесіп тастады
1071
Австралияның Порт-Линкольн қаласында ит адам бас сүйегін тауып алды. Ол «Beauty and the Geek» реалити-шоуының жұлдызы Тамика Чессердің сүйіктісі — 39 жастағы Джулиан Сториға тиесілі болуы мүмкін.
Оқиға биыл маусым айында болған. Полиция шағын өрт шыққан пәтерге келгенде, Джулиан Сторидің дене қалдықтарын тапқан. Ер адамның басы орнында болмағандықтан, бірнеше апта бойы іздеу жұмыстары жүргізілген.
Басты күдікті — марқұмның сүйіктісі, тележоба жұлдызы Тамика Чессер.
Шілде айының соңында жоғалған бас сүйекті серуенге шыққан ит кездейсоқ тауып алған.
«Бұл — иттің ну жерге кіріп кетіп, шақырсаң да шықпайтын жағдайларының бірі», — деді детектив Даррен Филке баспасөз мәслихатында.
Қазір күдікті әйел қамауға алынған. Тергеу жалғасуда.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...