Рогоновтың екі жылдық «демалысы»

29.04.2026 11:27 Арман Ермеков
Рогоновтың екі жылдық «демалысы»
171
Қытайдан сапасыз техника тасыған ірі компания мемлекеттік тендерден қуылды. Фото: ашық дереккөзден

Қытайдың арнайы техникасын жеткізумен айналысатын кәсіпкер Николай Рогоновтың «NKB GROUP KAZAKHSTAN» компаниясы мерзімді бұзып, тапсырыс берушілерге сапасыз тауар өткізбек болғаны үшін екі жылға мемлекеттік тендерден шеттетілді, деп хабарлайды Politico.kz.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше бұл кәсіпорын бірнеше мемлекеттік мекемемен соттасып жеңіліс тапқан. Компания «Астана-Энергия» мекемесінің 94 млн теңгелік тендерін ұтып алғанымен, талапқа сай келмейтін әрі қазақ және орыс тіліндегі құжаттары жоқ экскаватор әкелген. Дәл осындай жағдай Алматыда да қайталанып, фирма «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына 1,5 млрд теңгеге 50 экскаватор-тиегішті уақытылы жеткізе алмаған.

Екі ұйым да сотқа жүгініп, алғашқы инстанцияда жеңіске жеткеннен кейін кәсіпкер Николай Рогоновтың заңгерлері үкімге шағымданбақ болған. Алайда өткен аптада Астана қалалық сотының апелляциялық алқасы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Бұған дейін аталмыш кәсіпорын қызметкерлері шекарадан экологиялық талаптарға сай келмейтін жүк көліктерін жалған құжатпен өткізбек болған жерінде ұсталып, көліктер мемлекет пайдасына тәркіленіп, айыптылар шартты түрде сотталған еді.

Осы даулы істерді жариялаған журналист тендер саласындағы жүйелі мәселелерді атап өтіп, бұл жағдай басқаларға сабақ болуы керек екенін жеткізді.

«Мемлекеттік сатып алу жүйесі мінсіз емес, әдетте тәжірибесі бар әрі салықты көп төлейтін лайықты кәсіпкерлер жеңіске жетуі керек сияқты көрінеді. Мұндай адамдар өз беделін түсірмейді, сондықтан сапалы тауар беріп, нысанды дұрыс салады деп күтіледі. Бірақ іс жүзінде ірі компаниялар көлемді алып алып, жұмысты көшеден келген кездейсоқ адамдарға істететінін көріп жүрміз. Немесе осы жағдайдағы сияқты елге неше түрлі қоқысты тасуға дайын тұрады. Сондықтан Рогонов мырзаға екі жыл мемлекеттік тендерден демалып, айналасына деген көзқарасын өзгерткен пайдалы болады. Қазынаның ақшасымен байыған басқа кәсіпкерлер де бұдан сабақ алып, салық төлеушілер мен серіктестерді алдауға болмайтынын түсінуі қажет, ал біз енді Қытай техникасын таситын қай компаниядан аулақ жүру керек екенін білеміз», - деп жазды журналист.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий