Роза Рымбаева ұлдарымен бірге сүйінші сұрады

Роза Рымбаева ұлдарымен бірге сүйінші сұрады
30.05.2025 18:39
0
512
Фото: instagram.com/aliokapov

Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Роза Рымбаева ұлдары Әли Оқапов және Мади Рымбаевпен бірге жаңа ән жазып, оған бейнебаян түсірді. "Esimde" атты клип YouTube желісінде жарияланды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Әншілер бұл музыкалық жаңалықты Instagram парақшаларында алдын ала хабарлаған. Клип жарық көре салысымен жанкүйерлер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

Пікір қалдырушылар:

– "Құттықтаймыз!", "Керемет орындау", "Жарайсыңдар, Әли мен Мади!", "Осыны ұзақ күттік", "Нағыз таланттар" – деп жазды.

Әннің музыкасын Әли Оқаповтың өзі жазса, сөзін Али Сражадин жазған. Бейнебаян режиссері – Эрнест Зиядинов. Тыңдармандар тек орындаушылардың дауысын емес, клип түсірілген көркем табиғатты да жоғары бағалады.

Жанкүйерлердің пікірлері:

"Жанға жақын жұмыс", "Тыңдаймын да, көз жасымды тыя алмаймын. Әли бала кезімнен бері сүйікті әншім, жыл өткен сайын шабыт сыйлап жүр. Музыка, мәтін, бейнебаян – барлығы жоғары деңгейде!", "Роза ханымның үні ерекше" – деп бөлісуде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий