Роза Рымбаеваға ерекше марапатқа ие болды
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Роза Рымбаеваға Абай облысының Құрметті азаматы атағы табысталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Сонымен қатар облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан жерлестерінің еңбегін атап өтіп, оларға айрықша белгісін салтанатты түрде берді.
Облыс әкімдігінде "Абай облысының Құрметті азаматы" атағын табыстау рәсімі өтті. Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан жерлестеріміздің еңбегін атап өтіп, оларға айрықша белгісін салтанатты түрде табыстады.
"Абай облысының Құрметті азаматы" атағын алғандар қатарында Қазақ КСР-нің Халық әртісі, Қазақстанның еңбек Ері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Роза Қуанышқызы Рымбаева да бар.
Сонымен қатар арнайы атақ "Вестник", "Адам. Энергия. Атом" журналдардың бас редакторы және Ұлттық ядролық орталығының төрағасы Эрлан Ғадлетұлы Батырбеков, Филология ғылымдарының докторы, профессор, "Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі", "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері", Еңбек сіңірген қайраткер Арап Сләмұлы Еспенбетов, "Samruk-Kazyna Construction" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Александр Александрович Милютин, "Зайтенов" шаруа қожалығының басшысы Ерлан Әмірбекұлы Зайтеновке берілді.
"Бүгін біз, екінші мәрте, өңірдің ең жоғары наградасы – "Абай облысының құрметті азаматы" атағын табыстау үшін бас қосып отырмыз. Бұл – елге адал қызмет жасап, құрметке бөленген, халықтың алғысы мен батасын алған жерлестерімізге арналған мәртебелі атақ. Марапат иелерінің әрқайсысы, өңірге, елге танымал. Тіпті шетелдіктер жақсы танитын жерлесіміз де бар. Сондықтан барлығы құрметке лайық деп санаймыз", - деді облыс әкімі өз сөзінде.