Рубль неге сонша қымбаттап жатыр
320
Рубль теңгеге, Орталық Азия елдерінің ұлттық валюталарына, тіпті Қытай юанына қатысты нығайып шыға келді,-деп хабарлайды politico.kz
Қазақстанның Ұлттық банкінің бүгінге, 21 маусымға белгілеген валюталар бағамына сәйкес, 1 рубльдің құны 5,38 теңгеге жетті. Өз кезегінде айырбастау бекеттері РФ ақшасы 5,5 теңгеге дейін сатуда. Салыстырсақ, Америка Мосбиржаға қарсы салмақты санкция енгізердің қарсаңында, 2024 жылғы 12 маусымда ғана РФ рублі небәрі 5,05 теңге тұрған. Былтырғы жылдың ортасында көршінің ақшасы 5 теңгеден төмен бағаланған еді. Көрші қырғыздың ұлттық валютасы да рубльге қатысты арзандап жатыр. Қырғыз Республикасы Ұлттық банкінің дерегінше, сом бір күнде 0,24% төмендеп, рубль 0,9912 сом тұрады. Маусым айының басында Ресейде 1 АҚШ доллары 92 рубльге дейін жетті. Енді ол кеше 83,5 рубльге дейін күрт арзандады. Бірақ артынша қайта түзеліп, 87 рубльге көтерілді. Осының өзі біршама төмен. Қытайдың валютасы бұған дейін Ресейде 13 рубль межесін бағындырып жүрді. Өткен апта соңында юань 11,5 рубльге дейін құлады. Тіпті 10,84 межесіне дейін құлдилады. РФ рублі неге сонша қымбаттауда? Ресейлік Finam агенттігінің түсіндіруінше, мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, Батыстың жаңа санкциясына байланысты Ресейге бағытталған импорттық ағынның басым бөлігі кілт тоқтады. Өйткені Америка бұл жолы "Сбердің" және басқа ресейлік банктердің Қытайдағы еншілес банктеріне қарсы санкция енгізді. Ресейдің Қытайдан сатып алатын тауарлары, өнімдері үшін төлемдердің көбі сол филиалдары мен еншілес қытайлық банктері арқылы жүзеге асырылатын. Енді бұл арна жабылып жатыр. Салдарынан, РФ-та импорт айтарлықтай құлдырай бастады. Ал, импорт негізінен доллармен немесе еуромен жүреді. Импорт азайса, оларға да сұраныс қарқынды төмендейді. Сұраныс төмендеген соң доллар да, еуро да рубльге қатысты құнсызданды. Бірақ Finam сарапшылары мұның уақытша құбылыс екенін ескертеді. Кеңес заманындағы сияқты шикізатқа тәуелді Ресей көп затты өзі өндірмейді, сырттан тасиды. Демек, түптің түбінде жаңа айналма жолдар мен схемалар табылып, импорт та қалпына келеді. Сонымен бірге долларға сұраныс артады. Батыс сарапшыларының байламынша, Мәскеу Қазақстанды санкцияны айналып өтуге болатын елдердің бірі ретінде пайдаланады. Американың бірнеше қазақстандық компанияға санкция енгізуінің мәнісі де сонда. Осыдан кейін, 13 маусымнан бастап үрейге бой алдырған қазақстандық банктер Ресейден келетін төлемдерді өткізуден жаппай бас тарта бастады. Тиісінше, сол төлеммен бірге солтүстік көршіден аударылатын рубльдің арнасы сұйылды. Рубльдің көлемі азайған соң, құны да өскен."Рубль бағамы қарқынды нығайып жатыр. Бірақ бұл – жалған әсер. Шындығында, Американың және Еуропаның жаңа санкцияларынан кейін экспорттық және импорттық валюта ағындарының қайта құрылу, "ребалансировка" процесі жүріп жатыр. Басқа валюталардың кросс-бағамдарын есептейтін негізгі валюта мәртебесіне Ресейде енді юань ие болды. Салдарынан, бүгінде юанның шектен тыс көп мөлшері қордалануда. Нәтижесінде, РФ рублінің қытай валютасына қатысты да нығаюына – экспорттаушылар тарапынан дәл осы валютаның шамадан тыс ұсынылуы түрткі болды", – деді Finam қаржылық сарапшысы Анастасия Долгих.
Соңғы жаңалықтар
10.07.2026
12:22
Алматы облысында бір жыл бұрын жоғалып кеткен ә...
10.07.2026
12:08
Жол апатына ұшыраған полиция полковнигі қызметі...
10.07.2026
11:35
Қазақ әндерін балағаттаған көкшетаулық әйел қам...
10.07.2026
11:26
«Жәбірленуші сөйлегенде мәз болды»: судья Сәрсе...
10.07.2026
11:10
Антальяда көз жұмған қазақстандықтың ісіне қаты...
10.07.2026
10:56
Қазақ әдебиеті қара жамылды