Руслан Берденовтің отадан кейінгі фотосы жарияланды

Руслан Берденовтің отадан кейінгі фотосы жарияланды
09.05.2025 15:52
0
1828

Үш апта бұрын оқ жарақатын алған Шымкент әкімі Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы пайда болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Палатадағы кереуетте жатқан Берденовпен белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев суретке түскен.

Еске салсақ, 21 сәуір күні сағат 20:30 шамасында Шымкент әкімдігі ғимаратының жанында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалған болатын. Шенеунік жамбасы мен иығынан оқ жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды. Берденовке төрт сағат бойы ота жасалған. Дәрігерлеи оның өміріне қауіп жоқ екенін айтты.

Полицейлер күдікті Ернар Жиембайды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Ол Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысты істеуге оқталу) және 99-бабы 2-бөлігінің 6-тармағы (Басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған кісі өлтіруге оқталу) бойынша тергеліп жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий