Руслан Өтепбай Шерзаттың ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Руслан Өтепбай Шерзаттың ісіне қатысты мәлімдеме жасады
27.04.2025 16:29
0
614

Журналист Руслан Өтепбай Шерзат Полаттың ісіне қатысты куәлік берген әйелдің сөзін жоққа шығарып, видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Руслан Өтепбайдың айтуынша, оқиға орнында болған екі әйелдің де иықтарында сөмкелері болған. Сондықтан олардың полицияға немесе жедел жәрдемге хабарласуға мүмкіндіктері жеткілікті еді. Ол оқиға орнынан түсірілген бейнебақылау камерасындағы жазбаларды көрсетіп, куәгердің сөзіне қарсы дәлел келтірді.

“Шерзат Полат аса қатігездікпен қаза тапқан кезде екі келіншектің оқиға орнында болғанын білесіздер. Жақында сот процесінде олардың бірі куәгер ретінде жауап берді. Прокурор Эльмира Нұрбекова куәгерден неге полицияға немесе жедел жәрдемге хабарласпағандарын сұрады. Ол: ‘Телефон сөмкеде болды, ал сөмке көлікте қалды’, – деп жауап берді. Алайда бұл шындыққа сәйкес емес. Қылмыс болған сәттің бейнежазбасында екі келіншектің де иығында сөмке болғаны анық көрінеді. Демек, олар сол сәтте-ақ көмек шақыра алатын еді”, — деді Руслан Өтепбай.

Сонымен қатар, журналист ертең өтетін сот отырысында бұл жайттың назардан тыс қалмайтынына үміт білдірді:

“Ертең Шерзаттың ісіне қатысты сот процесі жалғасады. Сондықтан сот, прокурор және адвокаттар бұл мәселеге мән береді деп сенемін”, — деді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий